Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Күшін жойған

Қызылорда қалалық мәслихатының 2017 жылғы 27 қазандағы № 114-17/6 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 16 қарашада № 6027 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 2019 жылғы 23 тамыздағы № 251-45/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 23.08.2019 № 251-45/3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шiлдедегi Заңының 16-бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Заңның 29-бабының 6-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың (бұдан әрі - кемтар балалар) ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерінің жеке оқыту жоспары бойынша кемтар балаларын үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу (бұдан әрі - шығындарды өтеу) мөлшері тоғыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.

      2. Шығындарды өтеуді "Қызылорда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) кемтар балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне тиісті оқу жылы кезеңінде тоқсан сайын қала бюджеті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      3. Кемтар балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдері жеке оқыту жоспары бойынша кемтар балаларын үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін өтінішті қабылдау немесе мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11342 болып тіркелген) 25-қосымшасымен бекітілген "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-тармағында көрсетілген тәртіппен жүзеге асырылады және 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      4. Шығындарды өтеу кемтар балалар:

      1) он сегіз жасқа толғанда;

      2) қайтыс болғанда;

      3) мүгедектігін алып тастағанда;

      4) интернат-үйі немесе санаторлық мектепте оқып жатқан кезеңінде;

      5) психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес қорытындысының мерзімі аяқталғанда;

      6) Қызылорда қаласы шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткенде тоқтатылады.

      Шығындарды өтеу көрсетілген жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      5. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда қалалық мәслихатының
кезектен тыс ХVІІ сессиясының төрағасы
Ғ. ЖАҚСЫЛЫҚОВ
      Қызылорда қалалық
мәслихатының хатшысы
Р. БОХАНОВА
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қызылорда облысының жұмыспен
қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
____________________ М.ЕРГЕШБАЕВ
"27" қазан 2017 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады