Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қызылорда қалалық мәслихатының 2019 жылғы 23 тамыздағы № 251-45/3 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 29 тамызда № 6910 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 107-16/10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 29.12.2021 № 107-16/10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабының 4тармағына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың (бұдан әрі - кемтар балалар) ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерінің жеке оқыту жоспары бойынша кемтар балаларын үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу (бұдан әрі - шығындарды өтеу) мөлшері тоғыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.

      2. Шығындарды өтеуді Қызылорда қаласы әкімдігінің "Қызылорда қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) қала бюджеті қаражаты есебінен тиісті оқу жылы кезеңінде тоқсан сайын, өтініш берілген айдан бастап тағайындалады. Өтініш берілен ай деп кемтар балалардың ата-аналарымен немесе өзге де заңды өкілдерімен, қоса тіркелген құжаттарымен бірге өтініш берілген ай есептеледі.

      3. Кемтар балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдері жеке оқыту жоспары бойынша кемтар балаларын үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалдарына өтінішпен жүгінеді және "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11342 болып тіркелген) 22-қосымшасымен бекітілген "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      4. Шығындарды өтеу кемтар балалар:

      1) он сегіз жасқа толғанда;

      2) қайтыс болғанда;

      3) мүгедектігін алып тастағанда;

      4) интернат-үйі немесе санаторлық мектепте оқып жатқан кезеңінде;

      5) психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес қорытындысының мерзімі аяқталғанда;

      6) Қызылорда қаласы шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткенде тоқтатылады.

      Шығындарды өтеу көрсетілген жағдайлар туындағаннын кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      5. "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2017 жылғы 27 қазандағы № 114-17/6 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №6027 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 27 қарашада жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда қалалық мәслихатының
кезектен тыс ХХХХV сессиясының
төрағасы, қалалық мәслихат хатшысының
міндетін атқарушы
М. КӘРІМБАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады