Көшеге атау беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы Ақсуат ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 18 шілдедегі N 106 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 15 тамызда № 5932 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 22 қарашадағы № 4 қорытындысына сәйкес Ақсуат ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қызылорда қаласы, Ақсуат ауылдық округі, Ж.Маханбетов ауылындағы №3 көшеге Бекіш Епеновтің есімі берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Ақсуат ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы Н.Садирбаевқа жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақсуат ауылдық округі
әкімінің міндетін атқарушы
М. Ақмырзаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады