"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 2 қорытындысына сәйкес Ақсуат ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылорда қаласы, Ақсуат ауылдық округі, Ж.Маханбетов ауылындағы:
1) № 35 көшеге Бектібай Бекбаевтың есімі;
2) № 36 көшеге Тоқсанбай Шырдаевтың есімі берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Ақсуат ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы Н.Садирбаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақсуат ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы |
М. Ақмырзаев |