Жекешелендіру туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 11-қ қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 9 наурызда № 5753 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 1 шілдедегі № 65-қ қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 01.07.2022 № 65-қ қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 100 пайыз мемлекет қатысу үлесіндегі "АРАЛ ҚАНАТ – 100" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2020 жылы жекешелендірілсін.

      2. "Арал аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Арал аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Өтешовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      АУДАН ӘКІМІ М. ОРАЗБАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады