"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына және Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 26 сәуірдегі № 1 қорытындысына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Арал қаласының мына көшелері мен тұйықтары:
1) "Кіші Арал" көшесі "Құдайберген Сұлтанбаев" есімімен;
2) "20 жылдық Қазақстан" көшесі "Ойнар Байарыстанов" есімімен;
3) "Әйтеке би" тұйығы "Жәңгірхан Әбілжанов" есімімен;
4) "М. Әуезов" тұйығы "Байғара батыр" есімімен қайта аталсын.
2. С.Көбеков көшесінің оңтүстік бетіндегі бірінші көше "Сырлыбай би Қожасұлы" есімімен және С.Көбеков көшесінің оңтүстік бетіндегі екінші көше "Жылқайдар батыр Сырлыбайұлы" есімімен аталсын.
3. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Арал ауданының | Арал аудандық мәслихаттың |
әкімі | кезектен тыс он бесінші |
сессиясының төрағасы | |
М. Оразбаев | С. Жанназарова |
Арал аудандық | |
мәслихаттың хатшысы | Д. Мадинов |