Жекелеген санаттағы азаматтарға жеңілдіктер беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2017 жылғы 2 тамыздағы № 93 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 тамызда № 5923 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Заңының 44-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. 1996 жылғы 1 қаңтарға дейін "Отан", "Даңқ" ордендерімен наградталған, айырымның ең жоғары дәрежесі – "Халық Қаһарманы" атағына, республиканың құрметті атақтарына ие болған азаматтарға 1,9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы төлемдер түрінде ақшалай мәнде жеңілдік берілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Арал аудандық мәслихатының кезекті
он алтыншы сессиясының төрағасы
С.Жанназарова
      Арал аудандық мәслихаттың хатшысы Д.Мадинов
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Арал аудандық жұмыспен
қамту, әлеуметтік бағдарламалар
және азаматтық хал актілерін
тіркеу бөлімі" коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________________Ғ.Тоғысова
02 тамыз 2017 жыл
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Арал аудандық экономика
және бюджеттік жоспарлау
бөлімі" коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
______________________Е.Жеткерұлы
02 тамыз 2017 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады