Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 10 қазандағы № 161-қ қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 25 қазанда № 6000 болып тіркелді

      "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Арал ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Мейірбековке жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Р. Өтешов
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігі Қызылорда облысының
Ішкі істер департаменті Арал ауданының
ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы
___________ А. Косбармаков
"10" қазан 2017 жыл

  Арал ауданы әкімдігінің "10" қазандағы 2017 жылғы № 161-қ қаулысына қосымша

Арал ауданындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

1. Көтермелеудің түрлері

      1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

      1) алғыс жариялау;

      2) грамотамен марапаттау;

      3) ақшалай сыйақы беру.

2. Көтермелеудің тәртібі

      2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Арал ауданы әкімдігімен құрылатын қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі-Комиссия) қарайды.

      3. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссияға қарауға “Қазақстан Республикасының Ішкі істер министірлігі Қызылорда облысының iшкi iстер департаментi Арал ауданының ішкі істер бөлімі” мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – Ішкі істер бөлімі) енгiзедi.

      4. Комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.

      5. Ақшалай сыйақыны төлеу Комиссия қабылдаған шешімге сәйкес, қосымша ішкі істер бөлімі бастығының бұйрығы шығарылады.

      6. Көтермелеу түрлерiн, соның iшiнде, ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушiнiң қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отыра, Комиссия белгiлейдi.

      7. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан азаматтарға көтермелеу шараларын Ішкі істер бөлімі салтанатты жағдайда жүзеге асырады.

3. Ақшалай сыйақының мөлшері

      8. 10 айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшердегi ақшалай сыйақы.

      9. Ішкі істер бөлімі ақшалай сыйақыны төлеудi облыстық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзедi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады