"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазалы ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" Қазалы ауданы әкімінің 2017 жылғы 26 наурыздағы № 2 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5769 болып тіркелген, 2017 жылы 29 наурызда "Тұран - Қазалы" газетінде және 2017 жылы 29 наурызда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің | |
міндетін атқарушы | А. Қаржаубаев |