"Қазақстан Республикасының Жер кодексі" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексіне және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Көларық ауылдық округінің Ақтан батыр ауылының шекарасының (шегінің) жалпы алаңы 5893 гектар, Бозкөл ауылдық округінің Бозкөл ауылының жалпы алаңы 9106 гектар, Сарыкөл ауылдық округінің Абай ауылының жалпы алаңы 8727 гектар, Басықара ауылдық округінің Басықара ауылының жалпы алаңы 10836 гектар, Аранды ауылдық округінің Қожабақы ауылының жалпы алаңы 10717 гектар болып өзгертілсін.
2. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазалы ауданы әкімінің міндетін атқарушы | С.Бабанаев |
Қазалы аудандық мәслихатының кезекті ХVІІ сессиясының төрағасы, аудандық мәслихат хатшысы |
К.Назымбеков |
Қазалы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "03" қарашадағы № 234 қаулысына және Қазалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы "03" қарашадағы № 136 шешіміне қосымша |
Қазалы ауданының елді мекендерінің жерлерінің экспликациясы
№ | Жерлердің атауы |
Жалпы | Оның ішінде (гектар): | ||||||
ауыл шаруашылығы алқаптары | Басқа да жерлер | ||||||||
егістік | көп жылдық екпелер | тыңайған жер | шабындық | бақша | жайылымдар | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | |
1 | Көларық ауылдық округінің Ақтан батыр ауылы | 5893 | 15 | 1,0 | - | 449 | 63 | 3722 | 1643 |
2 | Бозкөл ауылдық округінің Бозкөл ауылы | 9106 | 3 | 174 | 30 | 3 | 6534 | 2362 | |
3 | Сарыкөл ауылдық округінің Абай ауылы | 8727 | 4 | - | 325 | 273 | 40 | 4682 | 3403 |
4 | Басықара ауылдық округінің Басықара ауылы | 10836 | 3 | - | - | 32 | 10 | 6682 | 4109 |
5 | Аранды ауылдық округінің Қожабақы ауылы | 10717 | 67 | - | 35 | 140 | 6 | 5541 | 4928 |