"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына, Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 3 қорытындысына сәйкес Әйтеке би кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазалы ауданы Әйтеке би кентінің келесі көшелері:
1) № 1 жобалық көшесі "Дәуірхан Айдаров" есімімен;
2) "Қазалы" мөлтек ауданындағы № 1 көшесі "Жақас Шерипов" есімімен;
3) "Қазалы" мөлтек ауданындағы № 3 көшесі "Жетербай Ақбаев" есімімен аталсын.
2. Қазалы ауданы Әйтеке би кентінің келесі көшелері:
1) "Строительная" көшесі "Әзімжан Әліпбаев" есімімен;
2) "АТП" көшесі "Нұртаза Есбосынов" есімімен қайта аталсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әйтеке би кенті әкімінің | |
міндетін атқарушы | К. Иманбаев |