Көшені қайта атау туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Алға ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 12 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 8 тамызда № 5921 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына және облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 26 сәуірдегі қорытындысына сәйкес Қазалы ауданы Алға ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазалы ауданының Алға ауылдық округі Ү.Түктібаев ауылындағы "Жаңаталап" көшесі "Орынбет ишан" есімімен қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Алға ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы М.Кужахметовке жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алға ауылдық округі
әкімінің міндетін атқарушы
Ұ.Әбілдә

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады