Қармақшы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 8 қарашадағы "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" №50 шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 маусымдағы № 101 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 29 маусымда № 5889 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V Заңына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қармақшы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 8 қарашадағы "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" № 50 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5675 нөмірімен тіркелген, аудандық "Қармақшы таңы" газетінің 2016 жылғы 27 желтоқсанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қармақшы аудандық Қармақшы аудандық
      мәслихатының кезекті мәслихатының хатшысы
      12-сессиясының төрағасы _________ М. Наятұлы
      _________ А.Қаржаубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады