Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 17.11.2021 № 10-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына және “Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы” Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабына сәйкес Жалағаш аудандық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың (бұдан әрі – кемтар балалар) ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерiнiң жеке оқыту жоспары бойынша кемтар балаларын үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу (бұдан әрі – шығындарды өтеу) мөлшері тоғыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.
2. Шығындарды өтеуді “Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдармалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) кемтар балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне тиісті оқу жылы кезеңінде тоқсан сайын аудан бюджеті қаражаты есебінен жүзеге асырады.
3. Кемтар балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдері жеке оқыту жоспары бойынша кемтар балаларын үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы Жалағаш аудандық бөліміне өтінішпен жүгінеді және “Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11342 нөмірімен тіркелген) 22-қосымшасымен бекітілген “Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 11.09.2018 № 28-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).4. Шығындарды өтеу кемтар балалар:
1) он сегіз жасқа толғанда;
2) қайтыс болғанда;
3) мүгедектігін алып тастағанда;
4) интернат-үйі немесе санаторлық мектепте оқып жатқан кезеңінде;
5) психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес қорытындысының мерзімі аяқталғанда;
6) Жалағаш ауданының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткенде тоқтатылады.
Шығындарды өтеу көрсетілген жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш аудандық мәслихатының 11-сессиясының төрағасы |
А. МАХАТОВА |
Жалағаш аудандық мәслихатының хатшысы |
М. ЕСПАНОВ |