Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 17.11.2021 № 10-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
“Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы” Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабына және “Құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, Жалағаш аудандық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. “Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 мамырдағы № 11-4 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5868 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 14 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде, 2017 жылғы 13 маусымда “Жалағаш жаршысы” газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
“3. Кемтар балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдері жеке оқыту жоспары бойынша кемтар балаларын үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы Жалағаш аудандық бөліміне өтінішпен жүгінеді және “Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11342 нөмірімен тіркелген) 22-қосымшасымен бекітілген “Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.”.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш аудандық мәслихатының 28-сессиясының төрағасы |
Т. ТУЛЕГЕНОВ |
Жалағаш аудандық мәслихатының хатшысы |
М.ЕСПАНОВ |