“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 5 шілдедегі Заңына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жалағаш ауданы бойынша 2017 жылға мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2. “2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 ақпандағы № 36 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5744 болып тіркелген, 2017 жылғы 11 наурызда “Жалағаш жаршысы” газетінде және 2017 жылғы 17 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жалағаш ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш ауданының әкімі | Т. Дүйсебаев |
Жалағаш ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 қыркүйектегі №192 қаулысына қосымша |
Жалағаш ауданы бойынша 2017 жылға мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 13.12.2017 № 260 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2017 жылғы 1 қазаннан бастап пайда болған қатынастарға таралады)
№ | Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту ұйымдарының әкiмшiлiк- аумақтық орналасуы (аудан) | Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушiлер саны | Мектепке дейiнгi ұйымдар ата-аналарының бiр айдағы төлемақысының мөлшерi (теңге) | ||||||||
Балабақша (бөбекжай-бақша) | Мектеп жанындағы толық күндiк шағын-орталықтар | Мектеп жанындағы жарты күндiк шағын-орталықтар | Дербес толық күндiк шағын- орталықтар | Дербес жарты күндiк шағын-орталықтар | Балабақша (бөбекжай-бақша) | Мектеп жанындағы толық күндiк шағын- орталықтар | Мектеп жанындағы жарты күндiк шағын-орталықтар | Дербес толық күндiк шағын-орталықтар | Дербес жарты күндiк шағын-орталық тар | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
1 | Жалағаш ауданы | 1145 | 300 | 0 | 0 | 0 | 24240 | 19187 | 0 | 0 | 0 |