Ескерту. Келісу жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 10.12.2021 № 272 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
“Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы” Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жалағаш ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жалағаш ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш ауданының әкімі | Т. Дүйсебаев |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер | |
министрлігі Қызылорда облысының | |
полиция департаменті Жалағаш ауданының | |
полиция бөлімімен |
Жалағаш ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 205 қаулысына қосымша |
Жалағаш ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 03.10.2019 № 156 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Көтермелеудің түрлері
1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:
1) алғыс жариялау;
2) грамотамен марапаттау;
3) ақшалай сыйақы беру.
2. Көтермелеудің тәртібі
2. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдем қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Жалағаш ауданы әкімдігімен құрылатын қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды.
3. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге, қоғамдық тәртiптi қорғауға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі ұсыныстарды Комиссияға қарауға “Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігі Қызылорда облысының полиция департаментi Жалағаш ауданының полиция бөлімі” мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Полиция бөлімі) енгiзедi.
4. Комиссияның құрамына аудандық жергілікті өкілді және атқарушы органдарының, полиция бөлімінің өкілдері енгізіледі.
5. Комиссия қабылдаған шешім - көтермелеу үшін, ал комиссия қабылдаған шешімге сәйкес полиция бөлімі бастығының бұйрығы - көтермелеуге ақы төлеу үшін негіз болып табылады.
6. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан азаматтарға көтермелеу шараларын полиция бөлімі салтанатты жағдайда жүзеге асырады.
3. Ақшалай сыйақының мөлшері
7. Ақшалай сыйақының мөлшерін комиссия қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге көтермеленетін адамның қосқан үлесін және ол немесе оның қатысуымен жолы кесілген құқыққа қарсы әрекеттің нәтижесінде келтірілуі мүмкін залалдың көлемін ескере отырып белгілейді және ол, әдетте, 10 айлық есептiк көрсеткiштен аспайды.
8. Ақшалай сыйақыны төлеуді көтермелеуге ұсыныс енгізген полиция бөлімі облыстық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзедi.