Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 9 қарашадағы № 231 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 22 қарашада № 6039 болып тіркелді

      “Мемлекеттік мүлік туралы” Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңы 18-бабының 22) тармақшасына және 31-бабына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жалағаш ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш ауданының әкімі Қ. Сәрсенбаев

  Жалағаш ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 9 қарашадағы № 231қаулысымен бекiтiлген

Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, “Мемлекеттік мүлік туралы” Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес әзірленді және коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану тәртібін айқындайды.

      2. Аудандық коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарлар осы Қағидаларға сәйкес пайдаланылады.

2. Жануарларды бағалау, есепке алу және бекiтiп беру

      3. Аудандық коммуналдық меншiкке түскен жануарларды одан әрi пайдалану үшiн оларды аудандық коммуналдық мүлiктер тiзбесiне енгiзу және бағалау (қайта бағалау) жүргiзiледi. Тiзбеге енгiзу және бағалау (қайта бағалау) жөнiндегi жұмыстарды Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiппен “Жалағаш аудандық қаржы бөлiмi” коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-қаржы бөлімі) жүзеге асырады.

      4. Бағалау жүзеге асырылғаннан кейiн, жануарларды қаржы бөлімінің бұйрығы негізінде тиiстi әкiмдер аппараттарының теңгерiмiне бекiтiлiп берiледi. Теңгерiмге алу Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлеген тәртiппен тізімдеу актiсi негiзiнде жүзеге асырылады.

3. Жануарларды одан әрі пайдалану

      5. Аудандық коммуналдық меншiкке түскен қараусыз жануарлар мынадай тәсiлдердiң бiреуiмен пайдаланылады:

      1) қосалқы шаруашылығы бар мемлекеттiк заңды тұлғалардың теңгерiмiне өтеусiз беру;

      2) аукцион арқылы сату;

      3) сауда ұйымдары арқылы сату;

      4) жануарларды (ауыл шаруашылығы жануарлары мен үй құстарын қоспағанда) қорғайтын арнайы орындарға немесе жеке адамдарға өтеусiз беру.

      6. Аудандық коммуналдық меншiкке түскен жануарларды одан әрi пайдалану тәсiлiн әрбiр нақты жағдайда аудандық әкiмдiктiң қаулысымен құрылған тұрақты комиссия шешеді.

4. Жануарларды бұрынғы меншік иесіне қайтару

      7. Жануарлар аудандық коммуналдық меншікке өткеннен кейін олардың бұрынғы меншік иесі келген жағдайда, осы жануарлардың бұрынғы меншік иесіне үйірсектігі сақталғанын немесе жаңа меншік иесінің оларға қатал не өзгедей мейірімсіз қарағанын дәлелдейтін мән-жайлар болған кезде - ол тиісті жергілікті атқарушы органмен келісім бойынша айқындалатын шарттармен, ал келісімге қол жеткізілмеген кезде сот тәртібімен оларды өзіне қайтарып беруді талап етуге құқылы.

      8. Жануарларды қайтару бұрынғы меншік иесінің оларды күтімге алуға байланысты шығыстарды жергілікті бюджет кірісіне өтегеннен кейін жүзеге асырылады.

      9. Жануарлар бұрынғы меншік иесінен оларды қайтару жөнінде өтініш түскенге дейін сатылып кеткен жағдайда жануарларды сатудан түскен түсім немесе оның құны жергілікті бюджет есебінен бұрынғы меншік иесіне өтеледі. Бұл ретте жануарларды бағуға байланысты қаржының көлемі шегеріледі.

      10. Жануарларды қайтару немесе құнын өтеу бұрынғы меншік иесі мен қаржы бөлімі арасында жасалатын шартпен ресімделеді.

5. Қорытынды ережелер

      11. Осы Қағидалармен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады