Жаңақорған ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 қаңтардағы № 134 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 ақпанда № 5726 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңдарына сәйкес, Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Жаңақорған ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақорған ауданының әкімі Ғ. Әміреев

  Жаңақорған ауданы әкімдігінің
  2017 жылғы "25" қаңтардағы
  № 134 қаулысына қосымша

Жаңақорған ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Байкенже ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 01 наурыздағы № 339 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тірекеу Тізілімінде 2016 жылдың 08 сәуірдегі № 5449 болып тіркелген, 2016 жылы 25 мамырда "Әділет" ақпараттық- құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. "Қыраш ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 01 наурыздағы № 340 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тірекеу Тізілімінде 2016 жылдың 04 сәуірде № 5441 болып тіркелген, 2016 жылы 19 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. "Екпінді ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 01 наурыздағы № 341 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тірекеу Тізілімінде 2016 жылдың 04 сәуірдегі № 5442 болып тіркелген, 2016 жылы 19 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      4. "Бесарық ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 01 наурыздағы № 343 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тірекеу Тізілімінде 2016 жылдың 08 сәуірдегі № 5448 болып тіркелген, 2016 жылы 25 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады