Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 29 наурыздағы № 171 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 сәуірде № 5794 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 1 қарашадағы № 354 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 01.11.2017 № 354 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабының 1) тармақшасына сәйкес Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыскерлердің мынадай тізімдік саны бар ұйымдарға жұмыс орындарына квота белгіленсін:
      1) елуден жүз адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;
      2) жүзден екі жүз елу адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;
      3) екі жүз елуден артық адам - жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Жаңақорған ауданының әкімі Ғ. Әміреев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады