Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 05.04.2018 № 490 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 29 наурыздағы № 171 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5794 болып тіркелген, 2017 жылдың 19 сәуірінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңақорған ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңақорған ауданының әкімі | Ғ. Әміреев |
Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2017 жылғы " 01" қарашадағы № 354 қаулысына қосымша |
Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) |
Жұмыскерлердің |
Мүгедектер үшін жұмыс орындары |
1 | "Шалкия Цинк ЛТД" акционерлік қоғамы | 200 | 3 | 2 |
2 | Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Жаңақорған аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 1447 | 4 | 15 |
3 | "Жаңақорған аудандық білім бөлімінің №3 Жаңақорған аудандық жалпы білім беретін мектеп- интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 117 | 3 | 1 |
4 |
"Жаңақорған аудандық білім бөлімінің | 136 | 3 | 1 |
5 |
"Жаңақорған аудандық білім бөлімінің | 91 | 2 | 1 |
6 |
"Жаңақорған аудандық білім бөлімінің | 122 | 3 | 1 |
7 |
"Жаңақорған аудандық білім бөлімінің | 116 | 3 | 1 |
8 |
"Жаңақорған аудандық білім бөлімінің | 160 | 3 | 1 |