Жекелеген санаттағы азаматтарға жеңілдіктер беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2017 жылғы 8 тамыздағы № 05-16/149 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 23 тамызда № 5944 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Заңының 44-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Жаңақорған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. 1996 жылғы 1 қаңтарға дейін "Отан", "Даңқ" ордендерімен наградталған, айырымның ең жоғары дәрежесі - "Халық Қаһарманы" атағына, республиканың құрметті атақтарына ие болған азаматтарға 1,9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы төлемдер түрінде ақшалай мәнде жеңілдік берілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақорған аудандық мәслихатының
кезекті ХV сессиясының төрағасы
Т. Мамуов
      Жаңақорған аудандық мәслихатының хатшысы Е. Ильясов
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Жаңақорған аудандық жұмыспен
қамту, әлеуметтік бағдарламалар
және азаматтық хал актілерін тіркеу
бөлімі" коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің басшысыны уақытша
міндетін атқарушы
С. Өмірбек ________________
"08" 08 2017 жыл.
     
      "Жаңақорған аудандық экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
коммуналдық мемлекеттік
мекемесі басшысының орынбасары
Ж.Мүсілім ________________
"08" 08 2017 жыл.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады