"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы Заңына және облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 26 сәуірдегі № 1 қорытындысына сәйкес Шалқия кенті әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңақорған ауданы, Шалқия кентінің Құттықожа ауылындағы "Диірмен" көшесі "Әбил Нұрбаев" есімімен аталсын.
2. Шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шалқия кенті әкімі | М. Ауанов |