2017 жылға арналған субсидиялар алуға өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 29 наурыздағы № 80 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 25 сәуірде № 5808 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 239 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 16.10.2017 № 239 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 19 шілдедегі № 317 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14104 болып тіркелген) сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сырдария ауданы бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тізіміне қосу үшін субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша өтінімді ұсыну мерзімдері қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. "Сырдария аудандық ауылшаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Лекеровке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы Қ. Мыңбаев

  Сырдария ауданы әкімдігінің
  2017 жылғы "29" наурыздағы
  № 80 қаулысына қосымша

Сырдария ауданы бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тізіміне қосу үшін субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша өтінімді ұсыну мерзімдері

Басым ауыл шаруашылығы дақылдары

Өтінімді ұсыну мерзімдерінің басталуы

Өтінімді ұсыну мерзімдерінің аяқталуы

1.

Күріш

05.06.2017 жыл

01.09.2017 жыл

2.

Майлы дақылдар

05.06.2017 жыл

01.09.2017 жыл

3.

Картоп

20.06.2017 жыл

01.09.2017 жыл

4.

Көкөністер

20.06.2017 жыл

01.09.2017 жыл

5.

Бақшалық дақылдар

20.06.2017 жыл

01.09.2017 жыл

6.

Сүрлемдік жүгері

05.06.2017 жыл

01.09.2017 жыл

7.

Бірінші жылғы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер

05.06.2017 жыл

01.09.2017 жыл


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады