Сайлау учаскелерін құру туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімінің 2017 жылғы 12 маусымдағы № 7 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 1 шілдеде № 5894 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімінің 2018 жылғы 8 қарашадағы № 8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімінің 08.11.2018 № 8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 23-бабына сәйкес Сырдария ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Сырдария ауданы бойынша сайлау учаскелері құрылсын.

      2. "Сайлау учаскелерін құру туралы" Сырдария ауданы әкімінің 2015 жылғы 02 наурыздағы № 4 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4890 болып тіркелген, 2015 жылы 03 наурызында "Тіршілік тынысы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Сырдария ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ғ. Қазантаев
      "Келісілді"
      Сырдария аудандық
      сайлау комиссиясының төрағасы
      ______________ Е. Ахетов
      "12" маусым 2017 жыл

  Сырдария ауданы әкімінің
  2017 жылғы "12" маусымдағы
  № 7 шешіміне қосымша

Сырдария ауданы бойынша сайлау учаскелері

р/с

Сайлау учаскесі

Орналасқан жері

Сайлау учаскелерінің
шекаралары

1

№154

Сырдария аудандық білім бөлімінің "№135 А.Тоқмағанбетов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

А.Тоқмағанбетов ауылдық округі

2

№155

Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Сырдария аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Тереңөзек кентінің Бауыржан Момышұлы, Ыбырай Жахаев, Асқар Тоқмағанбетов, Қазақ, Жаппасбай Нұрсейтов, Жастар, Бұхарбай батыр, Достық, Наурыз, Желтоқсан, Әлішер Тоқмағанбетов, Жамбыл Жабаев көшелері, Жамбыл тұйық көшесі, Д.А.Қонаев көшесінің бас жақ бөлігінен Аманкелді Иманов көшесіне дейін, Азатбақыт Алиакбаров және Абай Құнанбаев көшелерінің Д.А.Қонаев көшесінен бастап көшенің соңына дейінгі бөліктері.

3

№156

Сырдария аудандық білім бөлімінің "№35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тереңөзек кентінің Аманкелді Иманов, Нағи Ілиясов, Жылқыбай Құттыбаев, Рахым Алшынбаев, Серікбай Жәкеев, Жеңістің 50 жылдығы, 1 май, Ә.Тәжібаев, Нұрғали Сыздықов, Нәлқожа Ергешбаев, Төлеп Жарекеев, Нұрқасым Бердіқұлов, Ағайынды Бозжановтар, Зинадин Лекеров, Бақтияр Жақыпов көшелері, Қозытай Әбуов, Найзабаев Әбду, Дінмұхамед Қонаев тұйық көшелері, Д.А.Қонаев көшесінің Аманкелді Иманов көшесінен бастап көшенің соңына дейінгі бөлігі, Абай Құнанбаев және Азатбақыт Әлиакбаров көшелерінің басынан Д.А.Қонаев көшесіне дейінгі бөліктері, Узтоп бөлімшесі.

4

№157

"Қызылорда облысының білім басқармасының "Сырдария аграрлы-техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Тереңөзек кентінің Ғани Мұратбаев, Сырдария, Мұхтар Әуезов, Иса Тоқтыбаев, Әлия Молдагулова, Мәншүк Маметова, Күләш Байсейітова, Дүйсенбай Керейтбаев, Қожабек Кенжебекұлы Дәдікбаев, Сейткерей Усабаев, Оспан Әбілпаттаев, Тоғанас батыр, Алма Оразбаева, Қ.Қазантаев, Шамахан Құндызбаев, Қажыман Асанов көшелері, Иса Тоқтыбаев, Әбдулпаттаев Оспан тұйықтары.

5

№158

Сырдария аудандық білім бөлімінің "№131 Талғат Қозыбаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тереңөзек кентіндегі Бәкір Өтепов, Айтбай арық, Ақтам, Қасым Бөдеев, Қызылдихан көшелері, Қызылдихан, Талғат Қозыбаев тұйық көшелері.

6

№159

Сырдария аудандық білім бөлімінің "№137 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

С.Сейфуллин ауылдық округі

7

№160

"Қалжан Ахун ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Қалжан Ахун ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Қалжан ахун ауылдық округі

8

№161

Сырдария аудандық білім бөлімінің "№191 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Іңкәрдария ауылдық округі

9

№162

"Ақжарма ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Ақжарма ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Ақжарма ауылдық округі

10

№163

"Шаған ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Шаған ауылдық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Шаған ауылының Т.Әлжанов, Әділ Атақаев, Ғ.Мұратбаев, Ардагерлер, Қатира Мыханова, Аманкелді Иманов, Жұбатқан Бекпанов, Есет би, Достық, Наурыз, Бейбітшілік және Ә.Тұйғынов көшелері, Аманкелді Иманов, Жұбатқан Бекпанов, Есет би тұйық көшелері, Жартықұм қоныс

11

№164

Сырдария аудандық білім бөлімінің "Шаған әуез мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Шаған ауылының Е.Адаев, Аябек, Ж.Омаров, Ә.Омаров, Абай, Р.Оразғалиев көшелері және Шешен ауылы бөлімшесі

12

№165

"Нағи Ілиясов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Нағи Ілиясов ауылдық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Н.Ілиясов ауылдық округі

13

№166

"Шіркейлі ауылдық округі әкімінің аппаратының Шіркейлі ауылдық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Шіркейлі ауылдық округі

14

№167

Сырдария аудандық білім бөлімінің "№44 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қоғалыкөл ауылдық округі

15

№168

Сырдария аудандық білім бөлімінің "№147 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бесарық ауылдық округі

16

№ 169

"Аманкелді ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Аманкелді ауылдық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Аманкелді ауылдық округі

17

№170

Сырдария аудандық білім бөлімінің "№174 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Жетікөл ауылдық округі

18

№171

"Айдарлы ауылдық округі әкімінің аппаратының Айдарлы ауылдық клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

Айдарлы ауылдық округі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады