2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 7 қыркүйектегі № 197 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 21 қыркүйекте № 5969 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Сырдария ауданы бойынша 2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.

      2. "2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Сырдария ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 сәуірдегі № 109 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5824 нөмірімен тіркелген және 2017 жылы 16 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Сырдария ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ғ. Қазантаев

  Сырдария ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "07" қыркүйек № 197 қаулысына қосымша

Сырдария ауданы бойынша 2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдар
ының әкімшілік аумақтық орналасуы

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Мектепке дейінгі ұйымдар ата-аналарының бір айдағы төлемақы мөлшері (теңге)


Бала бақша

Мектеп жанын
дағы толық күндік шағын-орталықтар

Мектеп жанын
дағы жарты күндік шағын- орталықтар

Дербес толық күндік шағын-орталық
тар

Дербес жарты күндік шағын- орталықтар

Бала бақша

Мектеп жанындағы толық күндік шағын-орталықтар

Мектеп жанындағы жарты күндік шағын-орталықтар

Дербес толық күндік шағын-орталық
тар

Дербес жарты күндік шағын-орталықтар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1

Сырдария ауданы

480

275

0

0

0

24240

18371

0

0

0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады