"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 8-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушы болып "Шиелі аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі айқындалсын.
2. Қосымшаға сәйкес мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыруды және өткiзудi мемлекеттік сатып алудың бiрыңғай ұйымдастырушы орындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер айқындалсын.
3. "Шиелі аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шиелі ауданының әкімі | Қ. Сәрсенбаев |
Шиелі ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "25" қаңтардағы № 1007 қаулысына қосымша |
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер
№ р/р | Атауы |
1. | Тауарлар: |
1.1. | Отын (дизель) (оларды алуға бөлінген сома тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 4 000 мыңнан (төрт мың) асатын айлық есептік көрсеткіш болған жағдайда) |
1.2. | Отын (көмір) (оларды алуға бөлінген сома тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 4 000 мыңнан (төрт мың) асатын айлық есептік көрсеткіш болған жағдайда) |
2. | Жұмыстар: |
2.1. | Әлеуметтік нысандардарға жүргізілетін күрделі жөндеу жұмыстары |
2.2. | Әкімшілік ғимараттарға жүргізілетін күрделі жөндеу жұмыстары |
3. | Қызметтер: |
3.1. | Лицензияланған бағдарламалық өнімді қамтамасыз етуді техникалық қолдау (оларды алуға бөлінген сома тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 4 000 мыңнан (төрт мың) 20 000 мыңға (жиырма мың) дейінгі айлық есептік көрсеткіш болған жағдайда) |