"Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" Шиелі аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы №7/12 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2017 жылғы 7 сәуірдегі № 9/4 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 21 сәуірде № 5798 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-тармағына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шиелі аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" № 7/12 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5691 тіркелген, 2017 жылдың 14 қаңтарында № 4 (8457) "Өскен өңір" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың
      сессия төрағасы хатшысы
      Н. Көпенов Ә. Оразбекұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады