Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Керделі ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 82 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 8 қыркүйекте № 5958 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына және Облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 26 сәуірдегі № 1 қорытындысына сәйкес Керделі ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шиелі ауданы Керделі ауылдық округінің Нартай Бекежанов ауылының оңтүстік бетіндегі атауы жоқ көшеге "Бибіхатша Смайлова" есімі берілсін.

      2. Шиелі ауданы Керделі ауылдық округінің Нартай Бекежанов ауылындағы атауы жоқ көшеге "Оразмахан Ақпанбетов" есімі берілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Керделі ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы М. Әбжапбарға жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Керделі ауылдық округінің әкімі Ф. Ержан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады