Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі кенті әкімінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 902 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 26 желтоқсанда № 6090 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына және облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 26 сәуірдегі №1 қортындысына сәйкес Шиелі кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі:

      1) "Ақорда" мөлтек ауданындағы атауы жоқ №8 квартал көшесіне "Жолдасбек Ердешбаев" есімі;

      2) "Бәйтерек" мөлтек ауданындағы атауы жоқ №2 квартал көшесіне "Бәкір Тоқбаулин" есімі;

      3) "Көкшоқы" мөлтек ауданындағы атауы жоқ №1 көшеге "Өтеген Жарықбаев" есімі;

      4) "Ақорда" мөлтек ауданындағы атауы жоқ №6 квартал көшесіне "Ыбырай Ермағанбетов" есімі берілсін.

      2. Шешімнің орындалуын бақылау "Шиелі кенті әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы Ә.Алдабергеновке жүктелсін.

      3. Шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шиелі кентінің әкімі Ғ. Аманжолов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады