Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі № 213 "Маңғыстау облысы аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 2 наурыздағы № 44 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 29 наурызда № 3299 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Маңғыстау облысы аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі № 213 қаулысының (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2814 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және 2015 жылғы 12 қыркүйектегі № 162-163 "Маңғыстау" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      "Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі (З.Т.Есбергенова) осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
      Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Ғ. Нұрғазиеваға жүктелсін.
      Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі А. Айдарбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Маңғыстау облыстық ішкі саясат
      басқармасының басшысы
      З.Т. Есбергенова
      "02" 03 2017 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады