Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 30.04.2021 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы "Өсімдіктер карантині туралы" Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының 2016 жылғы 17 тамыздағы № 01-43/549 және 2016 жылғы 13 қазандағы № 01-43/647 ұсыныстарының негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау ауданының Жыңғылды ауылдық округіне қарасты "Ақниет" - 1 га, "Жайдары" - 1,5 га, "Науша" - 2 га шаруа қожалықтарында және дара кәсіпкер "Абдикеримова Гулбаршын Акимгалиевна" – 1,5 га, Түпқараған ауданының Қызылөзен ауылдық округіне қарасты дара кәсіпкер "Койшыгулова Е" – 3 га қауын шыбынымен, сондай-ақ Маңғыстау ауданының Жыңғылды ауылдық округінде - 1 га, Маңғыстау ауданының Шайыр ауылдық округінде – 0,5 га және Түпқараған ауданының "Қарағантүбек" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде – 3,4 га у кекіре – арамшөбімен залалданған карантинді объектісінің анықталуына байланысты, көрсетілген залалданған жер учаскелеріне карантиндiк режимдi енгiзе отырып, карантиндi аймақ белгіленсін.
2. Қоса беріліп отырған карантинді объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.
3. "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Б. Ерсайынұлы) осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.М. Әміржановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Е. Тоғжанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Агроөнеркәсіптік кешендегі
мемлекеттік инспекция комитетінің
Маңғыстау облыстық аумақтық
инспекциясы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Р.Н. Түменов
"19" 04 2017 ж.
Маңғыстау ауданының әкімі
Ж.Қ. Айтуаров
"19" 04 2017 ж.
"Маңғыстау облысының ауыл
шаруашылығы басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Б. Ерсайынұлы
"19" 04 2017 ж.
Түпқараған ауданының әкімі
Т.Т. Асауов
"19" 04 2017 ж.
Маңғыстау облысы әкімдігінің | |
2017 жылғы "19" 04 № 81 қаулысымен бекітілген |
Карантинді объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 16.04.2018 № 72 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Іс-шаралар атауы | Орындау мерзімі | Орындауға жауаптылар |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Жер пайдаланушылар арасында карантинді объектілердің алдын алу, карантинді объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі түсіндіру жұмыстарын жүргізу | Үнемі |
Маңғыстау ауданының әкімдігі, |
2. | Карантиндi аймақ туралы материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жолымен өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар туралы тұрғындарға хабарлау | Үнемі |
Маңғыстау ауданының әкімдігі, |
3. | Карантинді объектілердің таралу ошақтарын жою жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу (карантинді объектілерге қарсы химиялық өңдеу, карантинді объектілерді қолмен және механикалық тәсілдермен жою) | Вегетация кезеңінде |
Маңғыстау ауданының әкімдігі, |
4. | Өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды қамтамасыз ету | Карантинді объектілерді таралу ошақтарын жою жөніндегі жұмыстар аяқталғаннан кейін | "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) |
5. | Карантинге жатқызылған өнімді тиеп-жөнелту орындарында карантиндік тексеруді жүргізу | Үнемі | "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашышаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) |