Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 11 қыркүйектегі № 282 "Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге және барлауға немесе өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 88 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 24 мамырда № 3360 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 28 ақпандағы № 30 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 28.02.2020 № 30 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 442 "Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 501 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13926 болып тіркелген) негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 11 қыркүйектегі № 282 "Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге және барлауға немесе өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2845 болып тіркелген, "Маңғыстау" газетінде 2015 жылғы 24 қазандағы № 189(8915) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1 тармақтың 2 тармақшасы алынып тасталсын.

      2. "Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Е.Д. Дүзмағамбетов) осы қаулының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә.А. Шөжеғұловқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Е. Тоғжанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Маңғыстау облысының жер

      қатынастары басқармасы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Е.Д. Дүзмағамбетов

      "24" 04 2017 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады