РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 шілдедегі № 196 "Маңғыстау облысының елді мекендерінің көшелерін күтіп-ұстау,ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің жіктелімін бекіту туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3109 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016жылғы 9 тамызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. "Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Ә.Б. Көшербаев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облысы әкімінің бірінші орынбасары С.Т. Алдашевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Е. Тоғжанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Маңғыстау облысының жолаушылар
көлігі және автомобиль жолдары
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
басшысы
Ә.Б.Көшербаев
"19" қазан2017 жыл