Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 414 "Автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 6 қарашадағы № 268 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 23 қарашада № 3466 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 20 ақпандағы № 21 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 20.02.2020 № 21 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 25 қаңтардағы № 62 "Автомобиль көлiгi саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 557 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13257 болып тіркелген) сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 414 "Автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2972 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 ақпандағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1 тармақ келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған "Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк, қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.";

      "Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк, қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      1 тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалы – "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаменті (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;";

      4 бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау";

      9 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы не сенімхат бойынша оның өкілі Стандарттың 9 тармағына сәйкес қажетті құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға ұсынады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттардың электрондық көшірмелерін шығарады, одан кейін түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.";

      10 тармақтың бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Көрсетілетін қызметті алушымен барлық қажетті құжаттар Мемлекеттік корпорация арқылы тапсырылған кезде құжатты қабылдау күні мен нөмірінің көрсетілуімен тиісті құжаттардың қабылданғандығы туралы қолхат беріледі.";

      13 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы порталда, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.";

      "Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті алынып тасталсын.

      2. "Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Ә.Б. Көшербаев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Т. Алдашевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Е. Тоғжанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Маңғыстау облысының

      жолаушылар көлігі және

      автомобиль жолдары басқармасы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Ә.Б. Көшербаев

      "06" қараша 2017 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады