Ақтау қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 14 тамыздағы № 928 және Ақтау қалалық мәслихатының 2009 жылғы 14 тамыздағы № 22/209 "Ақтау қаласының 12 шағын ауданындағы шартты атауы "Фонтан" аталатын аумақты "Мемлекеттік рәсімдер алаңы" деп атау туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2017 жылғы 16 наурыздағы № 7/85 шешімі мен Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 16 наурыздағы № 529 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 26 сәуірде № 3346 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, сондай-ақ Ақтау қаласы халқының пікірін ескере отырып, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақтау қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 14 тамыздағы № 928 және Ақтау қалалық мәслихатының 2009 жылғы 14 тамыздағы № 22/209 "Ақтау қаласының 12 шағын ауданындағы шартты атауы "Фонтан" аталатын аумақты "Мемлекеттік рәсімдер алаңы" деп атау туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-1-113 болып тіркелген, 2009 жылғы 25 тамыздағы "Маңғыстау" газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын:
      "Ақтау қаласының 12 шағын ауданында орналасқан шартты атауы "Фонтан" аталатын аумақты "Мемлекеттік рәсімдер алаңы" деп атау туралы";
      көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13 бабы 5) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ "Нұр Отан" партиясы" қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облыстық филиалының Ақтау қаласының 12 шағын ауданында орналасқан шартты атауы "Фонтан" аталатын аумақты "Мемлекеттік рәсімдер алаңы" деп атау туралы ұсынысын қарап және Ақтау қаласы халқының пікірін ескере отырып, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
      2. "Ақтау қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы − Д.Телегенова) осы бірлескен қаулы мен шешімнің Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Ақтау қаласы әкімінің орынбасарына (Қ.Берішбаев) жүктелсін.
      4. Осы бірлескен қаулы мен шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Ш.Гусейнов
      Қала әкімі С. Трұмов
      Қалалық мәслихат хатшысы М. Молдағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады