РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 13/157 "Облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №6/65 "2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3437 болып тіркелген) сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қалалық мәслихаттың 2016 жылғы 9 желтоқсандағы №6/67 "2017-2019 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3229 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 10 қаңтарда жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 тармағы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. 2017-2019 жылдарға арналған қалалық бюджет қосымшаға сәйкес, оның ішінде 2017 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 21 514 103,6 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 18 568 172 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 142 034 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 1 943 345,6 мың теңге;
трансферттер түсімі бойынша – 860 552 мың теңге;
2) шығындар – 21 580 883,6 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 4 008 402 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 4 008 602 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 200 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 4 075 182 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 4 075 182 мың теңге, соның ішінде:
қарыздар түсімі – 4 008 602 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 200 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 66 780 мың теңге.";
6 тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"6. 2017 жылға арналған қалалық бюджетте жергілікті инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға облыстық бюджеттен ішкі қарыздар есебінен 4 005 198 мың теңге сомасында бюджеттік кредиттер қарастырылғаны ескерілсін.";
8 тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"8. Қала әкімдігінің резерві 13 000 мың теңге сомасында бекітілсін.".
2. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. "Ақтау қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы - Д. Телегенова) осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтау қалалық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Б. Шапқан).
5. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2017 жылдың 1 қаңтарынан басталатын қатынастарға қатысты таралады.
Сессия төрағасы | С. Зәкенов |
Қалалық мәслихат хатшысы | М. Молдағұлов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Ақтау қалалық экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы
М. Жубаназарова
"9" қазан 2017 жыл
Ақтау қалалық мәслихатының | |
2017 жылғы 3 қазандағы | |
№10/114 шешіміне | |
қосымша |
2017 жылға арналған Ақтау қаласының бюджеті
Санаты | Сомасы, мың теңге | ||||
Сыныбы | |||||
Iшкi сыныбы | |||||
Атауы | |||||
1. КІРІСТЕР | 21 514 103,6 | ||||
1 | Салықтық түсiмдер | 18 568 172 | |||
01 | Табыс салығы | 7 365 129 | |||
2 | Жеке табыс салығы | 7 365 129 | |||
03 | Әлеуметтік салық | 5 048 001 | |||
1 | Әлеуметтік салық | 5 048 001 | |||
04 | Меншiкке салынатын салықтар | 4 337 803 | |||
1 | Мүлiкке салынатын салықтар | 2 907 450 | |||
3 | Жер салығы | 300 442 | |||
4 | Көлiк құралдарына салынатын салық | 1 129 911 | |||
05 | Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар | 833 638 | |||
2 | Акциздер | 29 913 | |||
3 | Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер | 350 682 | |||
4 | Кәсiпкерлiк және кәсiби қызметті жүргiзгенi үшiн алынатын алымдар | 411 695 | |||
5 | Ойын бизнесіне салық | 41 348 | |||
07 | Басқа да салықтар | 673 771 | |||
1 | Басқа да салықтар | 673 771 | |||
08 | Заңдық маңызы бар әрекеттерді жасағаны және (немесе) оған уәкілеттігі бар мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергені үшін алынатын міндетті төлемдер | 309 830 | |||
1 | Мемлекеттiк баж | 309 830 | |||
2 | Салықтық емес түсімдер | 142 034 | |||
01 | Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер | 40 855 | |||
1 | Мемлекеттiк кәсiпорындардың таза кiрiсі бөлiгiнің түсiмдері | 25 | |||
5 | Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер | 39 004 | |||
9 | Мемлекет меншігінен түсетін басқа да кірістер | 1 826 | |||
03 | Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері | 400 | |||
1 | Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері | 400 | |||
04 | Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар | 19 588 | |||
1 | Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар | 19 588 | |||
06 | Басқа да салықтық емес түсiмдер | 81 191 | |||
1 | Басқа да салықтық емес түсiмдер | 81 191 | |||
3 | Негізгі капиталды сатудан түсетiн түсімдер | 1 943 345,6 | |||
01 | Мемлекеттiк мекемелерге бекітілген мемлекеттiк мүлiктi сату | 1 057 911,6 | |||
1 | Мемлекеттiк мекемелерге бекітілген мемлекеттiк мүлiктi сату | 1 057 911,6 | |||
03 | Жерді және материалдық емес активтерді сату | 885 434 | |||
1 | Жерді сату | 791 637 | |||
2 | Материалдық емес активтерді сату | 93 797 | |||
4 | Трансферттердің түсімдері | 860 552 | |||
02 | Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер | 860 552 | |||
2 | Облыстық бюджеттен түсетін трансферттер | 860 552 |
Функционалдық топ | Сомасы, мың тенге | |||
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі | ||||
Бағдарлама | ||||
Атауы | ||||
2. ШЫҒЫНДАР | 21 580 883,6 | |||
01 | Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер | 283 221 | ||
112 | Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының аппараты | 19 978 | ||
001 | Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 19 873 | ||
003 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 105 | ||
122 | Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аппараты | 150 010 | ||
001 | Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 109 753 | ||
003 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 40 257 | ||
123 | Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің аппараты | 22 704 | ||
001 | Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қаланың, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 22 494 | ||
022 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 210 | ||
452 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімі | 51 386 | ||
001 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін орындау және коммуналдық меншігін басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 22 465 | ||
010 | Жекешелендіру, коммуналдық меншікті басқару, жекешелендіруден кейінгі қызмет және осыған байланысты дауларды реттеу | 27 434 | ||
018 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 137 | ||
032 | Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары | 1 350 | ||
453 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі | 14 997 | ||
001 | Экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру және дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 13 667 | ||
004 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 1 330 | ||
475 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі | 24 146 | ||
001 | Жергілікті деңгейде кәсіпкерлікті, ауыл шаруашылығы мен ветеринарияны дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 24 065 | ||
003 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 81 | ||
02 | Қорғаныс | 26 206 | ||
122 | Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аппараты | 26 206 | ||
005 | Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар | 26 206 | ||
03 | Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі | 60 783 | ||
485 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі | 41 115 | ||
021 | Елдi мекендерде жол қозғалысы қауiпсiздiгін қамтамасыз ету | 41 115 | ||
499 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі | 19 668 | ||
001 | Жергілікті деңгейде азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 19 398 | ||
003 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 270 | ||
04 | Білім беру | 10 906 116 | ||
464 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімі | 10 706 204 | ||
001 | Жергілікті деңгейде білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 33 777 | ||
003 | Жалпы білім беру | 5 743 272 | ||
005 | Ауданның (облыстык маңызы бар қаланың) мемлекеттік білім беру мекемелер үшін оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерді сатып алу және жеткізу | 281 396 | ||
006 | Балаларға қосымша білім беру | 407 331 | ||
007 | Аудандық (қалалық) ауқымдағы мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткiзу | 31 189 | ||
009 | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету | 1 922 851 | ||
012 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 990 | ||
015 | Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-ұстауға қамқоршыларға (қорғаншыларға) ай сайынғы ақшалай қаражат төлемі | 45 471 | ||
022 | Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап алғаны үшін Қазақстан азаматтарына біржолғы ақша қаражатын төлеуге арналған төлемдер | 851 | ||
040 | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға | 1 268 419 | ||
067 | Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары | 970 657 | ||
467 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі | 35 385 | ||
024 | Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру объектілерін салу және реконструкциялау | 35 385 | ||
465 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) дене шынықтыру және спорт бөлімі | 164 527 | ||
017 | Балалар мен жасөспірімдерге спорт бойынша қосымша білім беру | 164 527 | ||
06 | Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру | 1 594 225 | ||
123 | Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің аппараты | 397 | ||
003 | Мұқтаж азаматтарға үйінде әлеуметтік көмек көрсету | 397 | ||
451 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі | 1 592 037 | ||
001 | Жергілікті деңгейде халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 60 603 | ||
002 | Жұмыспен қамту бағдарламасы | 252 570 | ||
005 | Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек | 25 577 | ||
006 | Тұрғын үйге көмек көрсету | 81 868 | ||
007 | Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек | 702 943 | ||
010 | Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету | 12 262 | ||
011 | Жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу | 3 375 | ||
013 | Белгіленген тұрғылықты жері жоқ тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу | 45 618 | ||
014 | Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету | 119 177 | ||
016 | 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар | 12 452 | ||
017 | Мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен және ымдау тілі мамандарының қызмет көрсетуін, жеке көмекшілермен қамтамасыз ету | 209 607 | ||
021 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 159 | ||
023 | Жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз ету | 32 736 | ||
025 | Өрлеу жобасы бойынша келісілген қаржылай көмекті енгізу | 33 090 | ||
464 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімі | 969 | ||
030 | Патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап бағу | 969 | ||
485 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі | 822 | ||
050 | Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 - 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру | 822 | ||
07 | Тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық | 5 191 042,3 | ||
123 | Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің аппараты | 90 083 | ||
008 | Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру | 3 417 | ||
009 | Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету | 10 787 | ||
011 | Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру | 9 137 | ||
014 | Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру | 66 742 | ||
467 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі | 2 225 803,3 | ||
003 | Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялау | 10 739 | ||
004 | Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру | 2 062 615 | ||
005 | Коммуналдық шаруашылығын дамыту | 28 922 | ||
006 | Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту | 24 734 | ||
007 | Қаланы және елді мекендерді абаттандыруды дамыту | 98 793,3 | ||
479 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй инспекциясы бөлімі | 11 284 | ||
001 | Жергілікті деңгейде тұрғын үй қоры саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 10 542 | ||
005 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 742 | ||
497 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі | 2 863 872 | ||
001 | Жергілікті деңгейде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қызметтер | 54 399 | ||
005 | Мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтауды ұйымдастыру | 10 000 | ||
025 | Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру | 677 964 | ||
026 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі жылу жүйелерін пайдалануды ұйымдастыру | 9 937 | ||
030 | Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету | 887 890 | ||
034 | Жерлеу орындарын ұстау және туыстары жоқ адамдарды жерлеу | 14 473 | ||
035 | Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру | 1 209 209 | ||
08 | Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік | 709 136 | ||
455 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі | 330 071 | ||
001 | Жергілікті деңгейде тілдерді және мәдениетті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 11 930 | ||
003 | Мәдени-демалыс жұмысын қолдау | 267 424 | ||
006 | Аудандық (қалалық) кітапханалардың жұмыс істеуі | 44 004 | ||
007 | Мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халқының басқа да тiлдерін дамыту | 5 125 | ||
010 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 88 | ||
032 | Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары | 1 500 | ||
456 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ішкі саясат бөлімі | 133 818 | ||
001 | Жергілікті деңгейде ақпарат, мемлекеттілікті нығайту және азаматтардың әлеуметтік сенімділігін қалыптастыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 36 807 | ||
002 | Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер | 20 258 | ||
003 | Жастар саясаты саласында іс-шараларды iске асыру | 76 753 | ||
465 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) дене шынықтыру және спорт бөлімі | 76 570 | ||
001 | Жергілікті деңгейде дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 15 520 | ||
006 | Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейде спорттық жарыстар өткізу | 21 875 | ||
007 | Әртүрлі спорт түрлері бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) құрама командаларының мүшелерін дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуы | 13 175 | ||
032 | Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары | 26 000 | ||
467 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі | 168 677 | ||
008 | Спорт объектілерін дамыту | 8 677 | ||
011 | Мәдениет объектілерін дамыту | 160 000 | ||
09 | Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану | 356 038 | ||
467 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі | 356 038 | ||
009 | Жылу-энергетикалық жүйені дамыту | 310 229 | ||
036 |
| 45 809 | ||
10 | Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары | 53 050 | ||
453 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі | 479 | ||
099 | Мамандардың әлеуметтік көмек көрсетуі жөніндегі шараларды іске асыру | 479 | ||
475 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі | 22 503 | ||
007 | Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру | 3 862 | ||
012 | Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жөніндегі іс-шараларды өткізу | 18 041 | ||
013 | Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу | 600 | ||
463 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары бөлімі | 30 068 | ||
001 | Аудан (облыстық манызы бар қала) аумағында жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 22 848 | ||
003 | Елдi мекендердi жер-шаруашылық орналастыру | 5 720 | ||
007 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 1 500 | ||
11 | Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі | 49 056 | ||
467 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі | 27 780 | ||
001 | Жергілікті деңгейде құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 27 677 | ||
017 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 103 | ||
468 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сәулет және қала құрылысы бөлімі | 21 276 | ||
001 | Жергілікті деңгейде сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 21 171 | ||
004 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 105 | ||
12 | Көлік және коммуникация | 2 108 893 | ||
485 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі | 2 108 893 | ||
001 | Жергілікті деңгейде жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 19 392 | ||
003 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 1 370 | ||
022 | Көлік инфрақұрылымын дамыту | 1 459 494 | ||
023 | Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету | 571 730 | ||
032 | Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары | 54 362 | ||
045 | Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді-мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу | 2 545 | ||
13 | Басқалар | 173 290 | ||
475 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі | 8 171 | ||
014 | Кәсіпкерлік қызметті қолдау | 8 171 | ||
452 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімі | 13 000 | ||
012 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының резерві | 13 000 | ||
453 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі | 2 119 | ||
003 | Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларды, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу | 2 119 | ||
467 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі | 150 000 | ||
077 | Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде инженерлік инфрақұрылымды дамыту | 150 000 | ||
14 | Борышқа қызмет көрсету | 2 750,6 | ||
452 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімі | 2 750,6 | ||
013 | Жергілікті атқарушы органдардың облыстық бюджеттен қарыздар бойынша сыйақылар мен өзге де төлемдерді төлеу бойынша борышына қызмет көрсету | 2 750,6 | ||
15 | Трансферттер | 67 076,7 | ||
452 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімі | 67 076,7 | ||
006 | Нысаналы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) трансферттерді қайтару | 64 013,7 | ||
051 | Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер | 3 063 | ||
3. ТАЗА БЮДЖЕТТІК КРЕДИТТЕУ | 4 008 402 | |||
Бюджеттік кредиттер | 4 008 602 | |||
07 | Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық | 4 005 198 | ||
467 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі | 4 005 198 | ||
003 | Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялау | 4 005 198 | ||
10 | Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары | 3 404 | ||
453 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі | 3 404 | ||
006 | Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бюджеттік кредиттер | 3 404 | ||
5 | Бюджеттік кредиттерді өтеу | 200 | ||
01 | Бюджеттік кредиттерді өтеу | 200 | ||
1 | Мемлекеттік бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу | 200 | ||
4. ҚАРЖЫ АКТИВТЕРІМЕН ОПЕРАЦИЯЛАР БОЙЫНША САЛЬДО | 0 | |||
Қаржы активтерін сатып алу | 0 | |||
Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер | 0 | |||
5. БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫ (ПРОФИЦИТІ) | -4 075 182 | |||
6. БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ (ПРОФИЦИТІН ПАЙДАЛАНУ) | 4 075 182 | |||
Қарыздар түсімі | 4 008 602 | |||
Қарыздарды өтеу | 200 | |||
Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары | 66 780 |