РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 694 "Ақтау қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген сауда орындарын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3046 болып тіркелген, 2016 жылдың 7 маусымында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Ақтау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Е.Қ. Төретаев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Т.Ж. Көшмағанбетовке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімінің | |
міндетін атқарушы | Н.Аққұлов |
КЕЛІСІЛДІ:
"Ақтау қалалық кәсіпкерлік, ауыл
шаруашылық және ветеринария
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
басшысы Ж.Тоқбаева
"11" 10 2017 жыл