Ақтау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 14 желтоқсандағы №2272 "2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 2 қарашадағы № 2133 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 17 қарашада № 3460 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңдарына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 14 желтоқсандағы № 2272 "2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3247 болып тіркелген,2017 жылдың 24 қаңтарындағы №11(9197) "Маңғыстау" газетінде және2017 жылдың 24 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған)қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы";

      көрсетілген қаулының 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес,2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.";

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Ақтау қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С.Тулебаева)осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т. Көшмағанбетовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімінің
      міндетін атқарушы Н.Аққұлов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Ақтау қалалық білім бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      С.Д. Тулебаева

      "02" 11 2017 жыл

  Ақтау қаласы әкімдігінің
  2017 жылғы 2 қарашадағы
  № 2133қаулысына қосымша
  Ақтау қаласы әкімдігінің
  2016 жылғы 14 желтоқсандағы
  № 2272 қаулысына қосымша

2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарындағы топтар

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны (жеке меншік, мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар)

Мектепке дейінгі ұйымдарда
ата-ананың бір айдағы төлемақы мөлшері (теңге) (жеке меншік, мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар)

Балабақша

Мектепжанындағытолықкүнболатыншағын-орталықтар

Мектеп жанындағы жарты күн болатын шағын-орталықтар

Дербес толық күн болатын
шағын-орталықтар

Дербес жарты күн болатын
шағын-орталықтар

Балабақша

Мектепжанындағытолықкүн болатыншағын-орталықтар

Мектепжанындағы жарты күн болатыншағын-орталықтар

Дербес толық күн болатын
шағын-орталықтар

Дербес жарты күн болатын
шағын-орталықтар

 
1-ден 3-ке дейінгітоптар


 
248


 
1502



 
11613


 
11613


 
4-тен 5-ке дейінгітоптар

224





 
11613





 
6-дан 7-ге дейінгітоптар

304





 
11613





 
8-ден 9-ға дейінгітоптар

275
 





 
11613





 
10-нан жәнеодандаартықтоптар

10405





 
11613
 






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады