Ақтау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 25 қарашадағы № 1510 "Ақтау қаласы аумағында кандидаттардың сайлаушылармен кездесу өткізу үші шарттық негізде үй-жайларды беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 11 желтоқсандағы № 2438 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 29 желтоқсанда № 3494 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 25 қарашадағы № 1510 "Ақтау қаласы аумағында кандидаттардың сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде үй-жайларды беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-1-167 болып тіркелген, 2011 жылдың 15 желтоқсанында "Маңғыстау" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Ақтау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (А.Жанетова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Т.Ж. Көшмағанбетовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Ғ.Ниязов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Ақтау қалалық ішкі саясат

      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің

      басшысы Б.Кенжалиев

      "11" 12 2017 жыл


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады