РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 486 "Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Өмірзақ ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Өмірзақ ауылы әкімінің 2007 жылғы 2 наурыздағы № 18 "Өмірзақ ауылы көшелерінің аттарын қайта қою туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11-1-54 болып тіркелген және 2007 жылғы 1 наурыздағы №35-36 "Маңғыстау" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған шешімнің 1 және 2 қосымшалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Өмірзақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Е.Р. Сарыев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл әкімінің | |
міндетін атқарушы | Е. Скендиров |
Өмірзақ ауылы әкімінің | |
2017 жылғы "28" 06 | |
№ 51 шешіміне | |
қосымша |
Р/c |
Бау – бақша серіктестігінің |
Жоспардағы (жаңа) |
1 | "Энергетик" ББС-і | "Рауан" тұрғын-үй массиві |
Ескерту: ББС-і – бау-бақша серіктестігі