Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 30.03.2021 № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19 бабының 2, 4, 5 тармақтарына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жаңаөзен қаласында және қала маңындағы Рахат, Теңге ауылдары бойынша жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифі 60 (алпыс) теңге көлемінде белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда- Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 27.12.2017 № 945 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Жаңаөзен қаласы – Қызылсай ауылы бағытында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифі 100 (жүз) теңге көлемінде белгіленсін.
3. "Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ю.Коккозов) осы қаулының Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.Қалдығұлға жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Е.Әбілов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Жаңаөзен қалалық жолаушылар
көлігі және автомобиль жолдары бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Ю. Коккозов
"21 " тамыз 2017жыл
Жаңаөзен қалалық мәслихатының хатшысы
С. Мыңбай
"21 " тамыз 2017 жыл
Қызылсай ауылының әкімі
Б. Изджанов
"21" тамыз 2017жыл
Рахат ауылының әкімі
Б. Нуржауов
"21" тамыз 2017жыл
Теңге ауылының әкімі
У. Максимов
"21 " тамыз 2017жыл