Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 21 тамыздағы №580 "Жаңаөзен қаласында жолаушылар мен багажды қалалық және қала маңындағы қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың тарифін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 945 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 12 қаңтарда № 3509 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 138 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 30.03.2021 № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңдарына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 21 тамыздағы № 580 "Жаңаөзен қаласында жолаушылар мен багажды қалалық және қала маңындағы қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың тарифін белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3425 болып тіркелген, 2017 жылғы 16 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған ) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1.Жаңаөзен қаласында және қала маңындағы Рахат, Теңге ауылдары бойынша жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифі 60 (алпыс) теңге көлемінде белгіленсін".

      2. "Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ю.Коккозов) осы қаулының Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары И.Сағынбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Ә. Дауылбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Жаңаөзен қалалық жолаушылар

      көлігі және автомобиль жолдары бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Ю. Коккозов ________________

      "27" желтоқсан 2017жыл

      Жаңаөзен қалалық мәслихатының хатшысы

      С. Мыңбай ________________

      "27" желтоқсан 2017 жыл

      Қызылсай ауылының әкімі

      Б. Изджанов ________________

      "27" желтоқсан 2017 жыл

      Рахат ауылының әкімі

      Б. Нуржауов ________________

      "27" желтоқсан 2017 жыл

      Теңге ауылының әкімі

      У. Максимов ________________

      "27" желтоқсан 2017 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады