2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 30 қазандағы № 704 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 қарашада № 3458 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.

      2. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 8 ақпандағы № 77 "2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3278 болып тіркелген, 2017 жылғы 13 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Жаңаөзен қалалық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Р. Джантлеуова) қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

      4. "Жаңаөзен қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Т. Жумалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С. Танаеваға жүктелсін.

      6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Е. Әбілов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Жаңаөзен қалалық білім бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Т. Жумалиев

      "30" қазан 2017 жыл

      "Жаңаөзен қалалық экономика

      және қаржы бөлімі"мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      Р. Джантлеуова

      "30" қазан 2017 жыл

  Жаңаөзен қаласы әкімдігінің
  2017 жылғы "30" қазан
  №704 қаулысына қосымша

2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы (қала, ауыл)

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ата-ананың бір айдағы төлемақы мөлшері (теңге)

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Мектепке дейінгі ұйымдарда бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құнының бір айдағы мөлшері (тенге)

Балабақша

Мектеп жанындағы толық күндік шағын-орталық

Дербес толық күндік шағын-орталық

Балабақша

Мектеп жанындағы толық күндік шағын-орталық

Дербес толық күндік шағын-орталық

Балабақша

Мектеп жанындағы толық күндік шағын-орталық      

Дербес толық күндік шағын-орталық

 
1

қала

100

25

25

25671,20

24063,94

26703,81

10920

10920

10920

140

50

50

24505,91

24063,94

26703,81

10920

10920

10920

280

75

75

23890,22

24063,94

26703,81

10920

10920

10920

320


100

23890,22


25671,20

10920


10920

 
2

ауылдық жерлер

140


50

27544,81


29443,77

10920


10920

280


75

26872,46


29443,77

10920


10920

320


100

26872,46


28815,31

10920


10920


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады