РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Бейнеу ауылы халқының пікірін ескере отырып және Маңғыстау облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 9 қарашадағы қорытындысының негізінде, Бейнеу ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бейнеу ауылындағы Балқаш көшесінің оңтүстігінде орналасқан атаусыз көшелерге келесідей атаулар берілсін:
бірінші көшеге–Қалмұрат Сабырбаев есімі;
екінші көшеге–Шерқала атауы;
үшінші көшеге–Желтау атауы;
төртінші көшеге–Қарабұлақ атауы;
бесінші көшеге - Ұланақ атауы.
2. "Бейнеу ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Б.Қанатов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бейнеу ауылы әкімінің орынбасары С.Қалдығараевқа жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл әкімі | Ж.Оспанов |