Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес және Жетібай ауылы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, Маңғыстау облысының Әділет департаментінің 2016 жылғы 10 қарашадағы № 11-15-4432 ұсынысының негізінде, Жетібай ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жетібай ауылы әкімінің 2008 жылғы 26 наурыздағы № 176 "Жетібай кентіндегі жаңа тұрғын үй құрылысы салынып жатқан шағын ауданға атау беру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-4-57 болып тіркелген, 2008 жылғы 16 қыркүйектегі № 42 (268) "Қарақия" газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы және кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Жетібай ауылындағы жаңа тұрғын үй құрылысы салынып жатқан шағын ауданға атау беру туралы";
"Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес және Жетібай ауылы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, Жетібай ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
2 тармақ алынып тасталсын.
2. "Жетібай ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Асанов Қ.С.) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Қ.Асанов |