РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес және Жетібай ауылы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, Жетібай ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай ауылы әкімінің 25.01.2017 № 11 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Қашаған Күржіманұлы шағын ауданының батыс жағынан орналасқан шағын ауданға Қазақстан Республикасының тәуелсіздік тірегі елордамыз Астана қаласының 2008 жылы 10 жылдық мерей тойына орай "Астана" атауы берілсін.
2. Алып тасталды- Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай ауылы әкімінің 25.01.2017 № 11 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізілсін.
Жетібай кентінің әкімі | Қ.Асанов |