Шетпе ауылы әкімінің 2016 жылғы 12 шілдедегі № 561 "Көшелерге атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шетпе ауылы әкімінің 2017 жылғы 17 қарашадағы № 488 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 17 қарашада № 3462 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 6/73 және Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №367 "Маңғыстау ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" бірлескен шешімі мен қаулысына, Шетпе ауылы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, Шетпе ауылы әкімінің міндетін атқарушы

      ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шетпе ауылы әкімінің 2016 жылғы 12 шілдедегі № 561 "Көшелерге атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3125 болып тіркелген, 2016 жылғы 17 тамыздағы "Жаңа өмір" газетінде № 39 жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы орыс тілінде жаңа редакцияда жазылды, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.

      кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Шетпе ауылы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып және 2016 жылғы 6 мамырдағы Маңғыстау облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Шетпе ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      1 тармақта:

      мемлекеттік тілде 1 абзац жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "1. Шетпе ауылының атаусыз көшелеріне келесі атаулар берілсін:";

      2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "2. "Шетпе ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.";

      3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "3. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауыл әкімінің орынбасары Е.Қазанбаевқа жүктелсін.".

      2. Шетпе ауылы әкімінің орынбасары (Ж.Өтелгенов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шетпе ауылы әкімінің
      міндетін атқарушы М.Мүтәллапов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады