Таушық ауылының атаусыз көшесіне атау беру туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Таушық ауылы әкімінің 2017 жылғы 23 тамыздағы № 54 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 8 қыркүйекте № 3420 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Таушық ауылы халқының пікірін ескере отырып және Маңғыстау облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 23 ақпандағы қорытындысының негізінде,Таушық ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1.Таушық ауылының 4 кварталдағы 40 үй орналасқан атаусыз көшесіне Кетебай Қиынов атауы берілсін.

      2. "Таушық ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы (А.Нұржаубаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкімнің міндетін атқарушы М.Утигалиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады