Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына және Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2016 жылғы 15 қарашадағы 10–15–4500 "Заң бұзуды жою туралы" ұсынысының негізінде Қызылөзен ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Қызылөзен ауылы әкімінің 2008 жылғы 16 маусымдағы №11 "Қызылөзен селосынан жаңадан пайда болған көшелерге есімдер беру туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11–6–60 болып тіркелген, 2008 жылғы 15 шілдедегі №35 (246) "Ақкетік арайы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2.Қызылөзен ауылы әкімінің аппаратының бас маманы (А.Туйешиева) осы шешімінің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3.Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4.Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл әкімі | У. Ермекбаев |